I. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, анықтама үшін телефондар: 74-23-62, e-mail: Altyngul.Nazarkulova@edu.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2019 жылғы 1 ақпанға дейін негізгі қызметкердің іссапар кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Өз құзыреті шегінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырусаласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; «Ғылым туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы Қазақстан халқына жолдауларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалары мен іс-қимыл жоспарларын іске асыру жұмысын үйлестіру; басшылықтың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының іске асырылуын бақылау мәселелеріне жетекшілік жасау; ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу; ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру бюджетінің болжамын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасында ғылымның дамуын стратегиялық жоспарлау бойынша жұмысты жүргізу, соның ішінде ғылыми қызмет саласындағы жол қартасын, ғылымды дамытудың жедел жоспарларын әзірлеу; жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету; ғылым саласының институционалды даму тиімділігін талдау, деректер мен есептерді жинақтауды жүзеге асыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды және басқа құжаттарды дайындауды үйлестіру; жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімдердің қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технология» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Ауыл шарушылығы ғылымдары» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім және мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғауға қатысты қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен тапсырмалардың, құпия құжаттардың орындалуына бақылау жасау;құпия құжаттарды жүргізу кезінде құпиялық режимін сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік құпиялардың техникалық арналармен, соның ішінде шифрлық байланысты жүргізу кезінде таралу қаупінен қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;ерекше маңызды құжаттармен жұмыс жүргізу; Министрліктің режимдік бөлмелеріне құралдық тексеру жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;ведомстволық бағынысты ұйымдардың бөлмелеріне арнайы тексеру жүргізуді ұйымдастыру және оған қатысу;құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру және нормалау) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс:бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Заң департаментінің директор, С-1 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Департаменттің қызметін ұйымдастыру және бақылау; Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жұмысын ұйымдастыру; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтық жалпы оқытуды түсіндіру және насихаттау; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші құрылымдық бөлімшелердің Министрліктің Сараптама кеңесі арқылы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшін дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілерді мониторингілеу қорытындысын дайындауды бақылауды және Министрлікке құзыреттілігі шеңберінде келіп түетін наразылық-талап арыз жұмыстарына және сот актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастыру; құзыреті және функционалдықміндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» мамандығының тобы бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті Статистика және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және басқарма қызметін мынадай мәселелер бойынша үйлестіру: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы статистикалық деректерді жинақтау, өңдеу және талдау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің негізгі көрсеткіштері бойыншабастапқы деректерді жинау; басқарушылық шешімдер қабылдау үшін нәтижелерді талдау; қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, стратегиялық, бағдарламалық құжаттардың, жоғары оқу орындарының даму жоспарларының іске асырылуын және ЖБИ көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуді мониторингілеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі бойынша ақпараттарды, талдамалық есептерді, анықтамаларды әзірлеу; құзыреті және функционалдық міндеттері шеңберіндеөзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мүмкіндігінше ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті Мемлекеттік тапсырыс және жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмыстарын төмендегідей мәселелер бойынша үйлестіру: мамандықтар және ЖОО бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу (квота); бағдарламалар шеңберінде педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы, ветеринарлық мамандықтар бойыншамамандарды мақсатты даярлауды әкімшілендіру; білім беру гранттарын беру бойынша Республикалық конкурстық комияссияның жұмысын ұйымдастыру; базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын мақсатты даярлау механизмін әзірлеу; жоғары оқу орындарының педагогикалық кадрлары мен басшылық құрамын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау бойынша республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу; студенттерге, магистранттарға және докторанттарға мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау мәселелерін қарастыру; жоғары оқу орындарында жемқорлықтың алдын алу мәселелерін үйлестіру; азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың қызметін үйлестіру; жоғары оқу орындары ректорларының республикалық және өңірлік кеңестерінің қызметін үйлестіру; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерді мониторингілеу және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, (уақытша, 2018 жылдың 23 тамызына дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Министрліктің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін құқық құралдарымен қорғау; Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы заңнамасын насихаттау және түсіндіру; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылу тәжірибесін жалпылау; тұрақты негізде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуін үйлестіру және тиісті есептер дайындау; Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша, Министрліктің атынан түсініктемелер дайындау; жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру және Министрлікте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне құқықтық және әдістемелік көмек көрсету; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін тексеру бойынша Министрлік комиссияларының жұмысына қатысу; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» мамандығының тобы бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті Орта білімді үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2018 жылдың 25 мамырына дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардыүйлестіру жұмысына қатысу; Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының мектепке дейінгі, жалпы орта білім және балаларға қосымша білім беру мәселелері бойынша орындалуын мониторингілеу; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі мен өңірлердің әкімдіктері арасындағы меморандумдар тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізу; Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстарының мәселелеріне жетекшілік ету; мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологиялар, статистика және талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБИ) көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру; Министрліктің ақпараттық жүйелерін кіріктіру мәселелері жөнінде НҚА әзірлеу және басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу, ақпараттық жүйелерді кіріктіру мәселелері бойынша талаптарды қалыптастыру; білім беру ұйымдарын жиһаздармен және тиісті құралдармен жабдықтау нормаларын бекіту бойынша жұмыс атқару; электрондық оқыту жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік бағдарламаларын іске асыру; мектепке дейінгі және орта білім бойынша Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарының ҰББД ведомстволық статистикасын қалыптастыру, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарының, Білім беру статистикасы орталығының паспорттарын қалыптастыру; оқытуды ұйымдастыру және ішкі портал қызметін қамтамасыз ету; интернетке қолжетімділік бөлігінде ЭОЖ енгізуді қамтамасыз ету; орта білім беруді ақпараттандыру бөлігінде Бірыңғай ақпараттық білім және ғылым жүйесін енгізу бойынша жалпы жұмыс құжаттарын әзірлеу және бекіту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технологиялар»немесе «Білім» мамандықтар топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

9. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологиялар, статистика және талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 19 қыркүйекке дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: ЭОЖ енгізу жөніндегі НҚА, жұмыс құжаттарын әзірлеу және келісу; электрондық оқыту жүйесін енгізу мәселелері жөніндегі бірыңғай техникалық саясат пен талаптарды қалыптастыру; мектепке дейінгі және орта білім беру бойынша БҚО, ШҚО, СҚО, ОҚО ҰББД ведомстволық статистикасын қалыптастыру. Білім беру статистикасы орталығының ұсынған деректері негізінде БҚО, ШҚО, СҚО, ОҚО ҰББД статистикалық деректерін, паспорттарын талдау; Білім беру ұйымдары порталының қызметі мен оқыту өткізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету; жобаны басқару, консалтингтік қызметтеркөрсету, жобаның инфрақұрылымын қамтамасыз ететін серверлерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету; аталған қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктер талаптарын, негіздемелер, бағалық ұсыныстар, бюджеттік өтінімдерәзірлеу және келісу, аталған қызметтер бойынша жұмыстарды актілеу; мектепке дейінгі ұйымдарды ақпараттандыру бөлігінде БҒБАЖ енгізу бойынша жалпы жұмыс құжаттарын әзірлеу және бекіту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Білім» мамандықтар топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті Мемлекеттік тапсырыс және жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 30 маусымға дейін негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Мамандықтар және ЖОО бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді жүзеге асыру (квота); жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды ұйымдастыру; бағдарламалар шеңберінде педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы, ветеринарлық мамандықтар бойынша мамандарды мақсатты даярлауды әкімшілендіру; білім беру грантын беру қағидаларын әзірлеу; жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесініңжұмыс істеуін қамтамасыз ету; білім беру гранттарын беру бойынша Республикалық конкурстық комияссияның жұмысын ұйымдастыру; базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын мақсатты даярлау тетіктерін әзірлеу; жоғары оқу орындарының педагогикалық кадрлары мен басшылық құрамын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; ақылы негізде білім алушыларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алуға ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын тағайындау бойынша республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу; студенттерге, магистранттарға және докторанттарға мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау мәселелерін қарастыру; азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың қызметін үйлестіру; атаулы стипендияларды тағайындау тәртібі туралы ережені бекіту; жоғары оқу орындарына қабылдау нәтижелері бойынша мониторинг жүргізу; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпиядан тұратын мәліметтерді қорғау жөнінде ұсыныстар дайындау; басқарма қызметінің бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдер қалыптастыруға қатысу, Департамент құзыретіне жататын Басқарма қызметінің мәселелері мен бағыттары бойынша есептер, талдамалық материалдар мен анықтамалар дайындау; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 10 қазанға дейін негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарды іске асыру; білім және ғылым саласындағы сыртқы байланыстарды дамыту жөніндегі ағымдық және перспективалық жоспарларды, бағдарламаларды, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдерді, шарттарды, меморандумдарды әзірлеу;«Болашақ» стипендиясын, сондай-ақ халықаралық шарттарды іске асыру жөнінде Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен және шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасау; Шығыс Еуропа, Тынық мұхиты өңірі, Батыс Еуропа елдерімен, Америка елдерімен, ТМД елдерімен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдердің, шарттардың, меморандумдардың жобаларын әзірлеу; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

12. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті статистика және жинақтық талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 02 наурызға дейін негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне).

Функционалды міндеттері: Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында белгіленген тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент, Басқарма басшылығы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; стратегиялық жоспарлар (бағдарламалар) мен даму бағдарламаларын іске асырудың мониторингін жүргізуге қатысу; ақпараттарды жүйеге келтіруді және білім беру мониторингінің жеке көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауын дайындауды ұйымдастыру және білім беру жүйесінің стратегиясын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;білім беруді дамыту мәселесіне арналған семинар-кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; агенттіктермен білім беру жүйесін бағалау және бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, рейтингтік агенттіктермен әрекеттестікті жүзеге асыру;халықаралық рейтингтер мен зерттеулер нәтижелері бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Құқық» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

13. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті Статистика және жинақтық талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2018 жылғы 15 қарашаға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне).

Функционалды міндеттері: Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында белгіленген тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент, Басқарма басшылығы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрліктің, Департаменттің, Басқарманың жоспарлары іс-шараларының уақытылы орындалуының есебін жүргізу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер тізілімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау; білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін келісу және бекіту рәсімдеріне мониторинг жүргізу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау бойынша Министрліктің жұмысын үйлестіру;мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау; құзыреті және функционалдықміндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Құқық» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

14. Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Өзінің функционалдық міндеттемелері шегінде Департамент жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алу, әкімшілік қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы басқармаларының қызметіне басшылық ету; мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге бақылау жасау, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; Министрліктің орталық аппаратының мемлекеттік сатып алу жоспарының уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептілік жасауға қатысу, уәкілетті органға белгіленген есептерді ұсыну;мемлекеттік және басқа да органдарда, ұйымдарда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Министрлік мүддесін білдіру;материалдық есеп жүргізу, материалдық-техникалық запастың тәртіптемеге сәйкес бөліну жұмысын жүзеге асыру;тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу құжаттамасының әзірленуіне, келісілуіне және бекітілуіне бақылауды ұйымдастыру; материалдық-техникалық жарақтандырылу жұмысын ұйымдастыруға;құзыреті және функционалдықміндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (заңгер) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

15. Жастар саясаты департаменті Тәрбие жұмысы және жастар арасында тәуекелдің алдын алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 19 қазанға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Шығармашыл жастармен өзара іс-қимылды үйлестіру; Ұлттық Дельфий ойындарын ұйымдастыру және өткізу, Қазақстандағы еріктілер желісін дамыту; жастардың рухани дамуына бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;білім және тәрбие беружүйесі ұйымдарына жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету; басқарма құзыретіне кіретін міндеттердің, соның ішінде бақылау құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің, Департамент директорының және орынбасарларының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;жетекшілік ететін мәселелер бойынша әдістемелік-нұсқау құжаттарын әзірлеуге қатысу;мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасыніске асыру; құзыреті және функционалдық міндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

16. Жастар саясаты департаменті Жастар бастамаларын қолдау және іске асыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2018 жылдың 01 ақпанына дейін негізгі қызметкерлердің оқу демалыстары кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға, өңірлік құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қызмет көрсету;әлеуметтік маңызы бар жобаларды қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау, сметалық есептерді дайындау; Департамент директорының бекітуі бойынша шығармашылық есептерді тексеру; басқарма құзыретіне кіретін міндеттердің, соның ішінде бақылау құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуына жауапты болу;басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрдің, Департамент директорының және орынбасарларының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;жетекшілік ететін мәселелер бойынша әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар, ұсынымдар және тетіктер әзірлеу; Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру; құзыреті және функционалдық міндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

17. Жастар саясаты департаменті Жастар бастамаларын қолдау және іске асыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2018 жылдың 01 ақпанына дейін негізгі қызметкерлердің оқу демалыстары кезеңіне).

Функционалды міндеттері: Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға, өңірлік құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қызмет көрсету; әлеуметтік маңызы бар жобаларды қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау, сметалық есептерді дайындау; Департамент директорының бекітуі бойынша шығармашылық есептерді тексеру; басқарма құзыретіне кіретін міндеттердің, соның ішінде бақылау құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуына жауапты болу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрдің, Департамент директорының және орынбасарларының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар, ұсынымдар және тетіктер әзірлеу; Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру; құзыреті және функционалдық міндеттері шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысу, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға

2-қосымшаға

сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1*

383097

518014

С-1

289629

391105

С-2

204041

275663

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551
?


baryatinskij-rajon--.html

barzha-limpressionniste.html

bas-bankt-kmnd-zhne-mtsz.html

bas-energetik---anitamali.html

bas-maman---a-tyulbaeva--.html